• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 06 Желтоқсан, 2023

Президент батыс аймақты қамтамасыз етіп отырған зауыт жұмысымен танысты

194 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Ақтөбедегі керамогранит және қыш плиталар шығаратын зауытты аралады, деп хабарлайды  Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Президент «Зерде-Керамика Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Индустриалды аймақта орналасқан өндірістік нысанның аумағы – 15 гектар. Зауыт жылына 5 миллион шаршы метр өнім өндіреді. Зауыттың атқарушы директоры Дәурен Битеміровтің айтуынша, мұнда шығарылатын керамогранит пен қыш плиталар Қазақстанның батыс өңірлерінің сұранысын толығымен өтейді. Сонымен қатар Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне де экспортталады. Өндірістің барлық жұмысы толықтай автоматтандырылған. Бұл зауыттың ерекшелігі саналады. Жүйе италиялық SACMI фирмасының заманауи қондырғысы арқылы басқарылады. Нысанға 9,2 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылды», делінген ақпаратта.

«Өндірісті дамыту қоры» акционерлік қоғамынан зауытқа қажетті қондырғылар сатып алу үшін мемлекет 7,5 миллион еуро көлемінде несие алуға қолдау көрсеткен.