• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 12 Желтоқсан, 2023

Қарағанды металлургиялық комбинатының жаңа иесіне қатаң талап қойылады

123 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қарағанды металлургиялық комбинатын отандық компанияның меншігіне беру мәселесі сәтті шешілгенін, жұмыстың бастапқы кезеңінде компанияға көмектесу – Үкіметтің ендігі міндеті екенін, содан кейін кәсіпорынның жаңа иесіне қатаң талап қойылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Кейбір өңірлердегі халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды нысандарда апаттардың жиілеп кетуі бүкіл еліміздегі инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымдарды жаңғырту аса қажет екенін айқын көрсетті. Бұл мәселе ондаған жыл бойы назардан тыс қалып, шешімін таппай келеді.

Мемлекет қысқа мерзімде ревизия жүргізіп, қолданыстағы генерациялаушы қуат көздерін жөндеуде, жаңа нысандарды іске қосуда, жылу және басқа да инженерлік желілерді жаңартуда жүйелі жұмыстарға кірісті. Атап айтқанда, биыл еліміздің батысында электр желілерінің өткізу мүмкіндігін екі еседен астам арттыруға ықпал еткен ауқымды жоба жүзеге асырылды, – деді Президент.