• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Саясат 15 Желтоқсан, 2023

Еуропа компанияларымен әріптестік

92 рет
көрсетілді

Астанада Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төр­ағалығымен «Қазақстан-Еуроодақ» диалог плат­фор­масының 13-отырысы өтті. Іс-шара орталық мемлекеттік органдар­дың бірінші басшылары­ның, дипломатиялық корпус пен бизнес өкілдерінің қаты­суымен өтті.

Отырыста республиканың салық және кеден жүйелерін жетіл­діру, фармацевтика өнер­кәсібін, геологиялық барлау мен аграрлық индустрияны дамыту, бизнеске лицензия, несие беру және қолдау көрсету, экс­порттық-импорттық операция­ларды жүргізу кезінде жүктемені азайту, сондай-ақ басқа да бір­қатар мәселе егжей-тегжейлі тал­қыланды.

Премьер-министр өз сөзінде бүгінгі таңда Еуропалық одақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі екенін атап өтті. Еуропалық инвес­тиция­лардың жалпы көлемі  175 млрд доллардан асты. Атап айтқанда, 6 айда ЕО елдері Қазақстан экономикасына 5,2 млрд инвестиция салды.

«Қазақстанның сыртқы сау­дасында ЕО үлесі шамамен 30%-ды құрайды. 10 айда тауар айна­лымы 34 млрд доллардан асты. Бұл көрсеткіштер сауда-экономикалық ынтымақтастық­ты арттыруға негізделген жүйелі бағытымызды айқындай түседі», деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуын­ша, бүгінде Қазақстан эконо­­ми­касының түрлі салаларында 3 мыңнан астам еуропалық компания табысты жұмыс істейді, олардың ішінде Shell, Eni, Air Liquide, Alstom, Claas сияқты ірі трансұлттық кор­­по­рациялар бар.

«Ағымдағы жыл инвести­ция­лық өзара іс-қимылды дамы­туда өте жемісті болды. Ор­тақ пул жаңа ірі жобалармен толыға түсуде. Бұған Svevind ком­па­ниясының жасыл сутегі жобасын іске асыруы, Total компаниясымен қуаты 1 ГВт болатын жел паркін салу туралы келісім, Knauf компаниясының 4-гипсокартон зауытын ашу жоспары, сондай-ақ Scania компаниясы­ның көлік құралдарының ірі құ­рам­дас бөлшектерін құрастыру жұ­мыс­та­рын іске қосуы жарқын мы­сал бола алады»,  деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, Қазақ­стан­да еуропалық компания­лар қатарының арта түсуі рес­пуб­­ликаның инвестициялық тар­тым­дылығының жақсарғанын білдіреді.

Бизнес үшін қолайлы жағ­дай­лар жасау және инвестиция­лық ахуалды жақсарту Үкіметтің басым міндеттерінің бірі екені атап өтілді.

«Біз сапалы және ұзақмер­зімді инвестицияларды тарту үшін барынша қолай­лы жағ­дайлар жасауға ұмты­ламыз. Ол үшін ең үздік әлем­дік стан­дарт­тарға сәйкес инвес­ти­­ция­­­лар­ды қолдаудың норма­тивтік-құ­қық­тық базасы мен құрал­дары тұрақ­ты негізде жетіл­ді­ріліп отырады», деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр Қазақстан­да ESG стандарттарын ескере отырып, Инвестициялық саясат­тың 2026 жылға дейінгі тұжы­рым­дамасы қабылданғанын еске салды. Жобаларды сапалы ин­фрақұрылыммен қамтама­сыз ету үшін Ұлттық инфрақұрылымның 2029 жылға дейінгі жоспары әзір­ленуде. Жаңа Салық кодексі ая­сында әкімшілендірудің сервис­тік моделі енгізілетін болады.

«Инвесторларға мемлекеттік қызметтерді алу және жобаларды сапалы жүргізу ыңғайлы болуы үшін Ұлттық цифрлық инвес­ти­циялық платформа әзірленуде», деді Ә.Смайылов.

Жалпы, Премьер-министрдің айтуынша, ел Үкіметі қолайлы инвестициялық ахуал жасауға бағыт­талған мемлекеттік сая­сатты кезең-кезеңмен жалғастырады.