• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Желтоқсан, 2023

Биыл отандық әуе компаниялары 12,3 млн жолаушы тасымалдаған

110 рет
көрсетілді

Көлік министрі Марат Қарабаев  биылғы 11 айда отандық әуе компаниялары 12,3 млн жолаушы тасымалдаған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға артық екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл аяғына дейін бұл көрсеткішті 13 млн жолаушыға жеткізу жоспарланып отыр. Әуежайларда қызмет көрсету көлемі 25%-ға артты. Сонымен қатар әуежайларда қызмет көрсетілген жүктердің көлемі де артты. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 130 мың тоннаны құрады. Өткен жылмен салыстырғанда өсім – 16%. Әуе тасымалдарына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Келесі жылы Шымкент, Қызылорда және Алматыда жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы аяқталады. Нәтижесінде Алматы әуежайының өткізу қабілеті 5 есеге артып, 14 млн адамға дейін қамтыса, Қызылордада  6 есеге артып, 2 млн адамға дейін, Шымкентте 7 есеге ұлғайып, 6 млн адамға дейін  қызмет көрсетілмек.