Жыл депутаты номинациясы бойынша дауыс беру тоқтатылды. «Жылдың үздік депутаты» атағына халық шешімімен ең көп дауыс жинаған Қазыбек Иса лайық деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фейсбуктағы «Шынның жүзі» тобында жалпыхалықтық дауыс беру сауалнамасын «ADYRNA» ұлттық порталы жүргізген. Дауыс беру нәтижесі бойынша ең көп дауысты «Ақ жол» партиясының депутаты Қазыбек Иса иеленген. Ол Мәжіліс мінберінен ұлттық құндылық, ел, жер және мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты өткір де өзекті тақырыптарды қозғап жүргенімен белгілі. Екінші орынды «Аманат» партиясының депутаты Ринат Заитов иеленді. Мың дауыспен үшінші орында «Республика» партиясынан Руслан Берденов табан тіреді.