• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Медицина 04 Қаңтар, 2024

Жедел жәрдем көліктен тарықпайды

141 рет
көрсетілді

Өткен жылы Жетісудың шалғай ауыл­дарын медициналық көмекпен қам­тамасыз ету үшін 27 блокты-модульдік медициналық пункт орнатылды. 2025 жылға дейін осындай 35 нысан тұрғызылады. Қазір өңір тұрғындары бұрынғыдай қалаға көп сабылмайды. Іргедегі емханаға жүгініп, арнайы көлікпен орталыққа қатынайды. Осы ретте жаңа жыл қарсаңында облыстық медициналық ұйымдарының автопаркі 29 жаңа жедел жәрдем көлігімен толықты.

Бұл ақжолтай жаңалықты, әсі­ресе облыс орталығынан алыс­та орналасқан ауыл тұрғындары қуа­нышпен қабыл­дады. Өңірдегі медицина әлеуетін арттыру мақсатында бюджеттен 750 млн теңге шамасында қаржы бөлінген. Осы орайда арнайы салтанатты іс-шара өтіп, облыс әкімі Бейбіт Исабаев автокөлік кілттерін дәрігерлерге тапсырды.

Он үш аудандық және облыс­­­тық ауруханаға, сондай-ақ кар­дио­логиялық орталыққа, көп­са­лалы балалар ауруханасына, пси­хикалық денсаулық орталығына бар­лығы 29 автокөлік берілді. Бұл санитар­лық автокөлік оттегі бал­лондары­мен, оттегі қысымын рет­тегіштермен, инфузиялық жү­йе­ге арналған кронштейндері бар леер-тұтқалармен, қолды дезин­фек­ция­лауға арналған диспенсерлермен, роликті арбалармен және басқа да қажетті заттармен жабдықталған.

Өңір басшысы Бейбіт Исабаев ден­саулық сақтау мекемелерінің басшы­лары­на автокөліктердің кілттерін тап­­сыру рәсімінде сөйлеген сөзінде халық­­тың денсаулығын нығайту, меди­цина­лық қызметтердің сапа­сын арттыру Мем­лекет басшысы­ның ат­қарушы ор­ган­дардың алдына қойған бас­ты мін­дет­терінің бірі екенін атап өтті.

«Ұлттың саулығы – мемле­кеттің саулығы. Сондықтан бұл мәселеге біз тұрақты назар ауда­­рып, әрдайым қолдау көр­се­тіп келеміз. Атап айт­қанда, меди­циналық нысандар салуға, арнайы құрал-жабдықтар са­тып алу­ға, кадрларды оқытуға қо­мақ­ты қаражат жұмсалып ке­леді. Биыл жергілікті бюджет есе­бінен 3,6 млрд теңгеге меди­ци­на­лық жабдықтар сатып алынып, жаб­­дықталу көрсеткіші 93%-ға жет­­кізілді. Өткен жылы бұл көр­сет­кіш 87 пайыз болған. Сондай-ақ ме­ди­цинада кадр тапшылығы проб­лемасын шешу үшін келесі жыл­дан бастап өңірге келген ма­ман­дарға 5 млн теңгеден 10 млн тең­ге­ге де­йінгі мөлшерде біржолғы мате­риалдық көмек көрсетілетін болады», деді Б.Исабаев.

Өңір әкімі баспасөз қызме­тінің мәліметінше, жедел және шұ­ғыл медициналық көмек көрсету және медициналық қызметтердің сапасын одан әрі арттыру үшін Жетісу облысында 67 жедел жәрдем бригадасы жасақталған (норматив – 10 мың тұрғынға 1 бригада). Шалғай аудандарда «103» бригадалары­ның уақтылы жетуі үшін қосымша 12 дислокация құрылды. «103» бірыңғай диспетчерлік қызметі» ұйымдастырылды. Ол облыстың түкпір-түкпірінен қоңырау қа­былдайды. Тәулік ішінде келіп түсетін өтініш саны 2 мыңға дейін барады. Сондай-ақ «103» бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметінің базасында тәулік бойы жұмыс істейтін Сall-орталық бар. Онда халыққа жоғары білікті медицина қызметкерлері кеңес береді.

Айта кетейік, биыл «Жедел жәр­дем» әлеуметтік-қайырымдылық жобасы аясында қайтарымсыз не­гізде «Samruk-Kazyna Trust» кор­поративтік қорының қолдауымен өңір­дің 5 аудандық ауруханасына «JAC Sunray 6C» маркалы жедел жәрдем көлігі берілген болатын. Бүгін облыстық жедел жәрдем авто­­паркі бюджет қаражаты есе­бінен сатып алынған тағы 29 жаңа авто­көлікпен толығып отыр.

Осы ретте айта кетейік, жа­қын­да Алакөл ауданының Байзерек, Қарлығаш, Ынталы, Қамысқала ­ауылдарында блокті-модульдік ме­­ди­­циналық ғимараттар халық игі­лігіне берілді. Аудан орталы­ғы­нан шалғай жатқан бұл ауыл тұр­ғындары енді бұрынғы ескі ғима­рат­тың орнына жаңа фельдшерлік-акушерлік пунктте ем алады.

Алакөл аудандық әкімдігінің мәліметінше, Қамысқала аулы ­аудан орталығынан 60 шақырым қа­шықтықта орналасқан. Қамысқа­ла ауылдық округінде 840 адам тұра­ды. Бұл ауылда қолданыста болған дәрігерлік амбулатория 1978 жылы салынған, кезінде ба­лық зауытына қарасты ғимарат еді. Ауыл тұрғындарының сапалы медициналық ем алуына жағдай жасау мақсатында жаңа нысанның құрылысына жергілікті бюджеттен 143 млн теңге бөлініп, ФАП тұр­ғызылды. Нысанды «Голден Строи» ЖШС мердігер компания­сы салды. Ондағы арнайы бөл­мелер қажетті құралдармен жаб­дық­талған. Медициналық мекеме бір ауысымда 15 емделушіге меди­циналық көмек көрсете алады.

Бұрынғы ғимаратымыз тиісті талаптарға сәйкес келмейтіндік­тен, ем жасауда қолайсыздық туды­ратын. Материалдық-техника­лық базасы да тозып тұрған. Енді, міне, заман талабына сай сапалы дәрі­гер­лік көмек көрсетуге лайықтал­ған фельд­шерлік пункт ашыл­ды. Мұнда қазір жұмысшыларды қоспағанда 4 білік­ті маман – бір фельдшер, бір аку­шер, екі мед­бике қызмет көрсетеді», дей­ді аудан­дық орталық аурухана директоры Асхат Бұтабаев.

Оның айтуынша, мұнда ауыл тұрғындары алғашқы медицина­лық-санитарлық көмек, екпе ек­ті­ру, скрининг, акушерлік және ЭКГ аппаратына жүрек қағысын тексерту секілді қызметтер бо­йын­­ша ем-дом ала алады. Оған қо­са аудандық орта­лық аурухана­дан арнайы білікті мамандар бел­гіленген кестеге сәй­кес ауылға ке­ліп, тұрғындардың денсаулығын қарайды.

Қамысқалалықтар бұл жайдарман жаңалықты қуана қабыл­да­ды. Ауылдық аналар кеңесінің төр­ағасы Раушан Жұманқұлова: «Аулымызда фельдшерлік-аку­шер­лік пункт салынғанына ризамыз. Бұрын кішкентай ғана ескі ғи­мараттың өзін жоқтан бар деп көңілге медет тұтатынбыз. Бүгін жап-жаңа, еңселі медициналық ны­сан көптің игілігіне беріліп отыр. Ғимараттың ашылуына үлес қос­қан барша азаматқа алғысымыз шек­сіз», деп қуанышын жеткізді.

Алакөл ауданында 56 елді ме­кенде 75 мыңға жуық халық бар. Оларға қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсету үшін 2024 жылы Екпінді, Жайпақ, Қайнар ауылдарына фельдшер­лік-акушерлік пункт салу, 5 елді мекенде блокті-мо­дульді нысандар салу жоспарланып отыр.

 

Жетісу облысы