Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрі Испанияда гастрольдік сапармен жүр.
Еуропаның тыңдарманына ел өнерпаздарының шығармашылығы ұнаса керек, әр концертте зал лық толы дегенді естідік. Күмбірлеген домбыра мен күңіренген қобыз кәрі құрлықтың жұртын баурап алғаны сөзсіз. Әлеуметтік желіде де пікірлер кеңінен тарап жатыр.
Гастроль сапары бір айға созылады. Осы уақыт ішінде ұжым 24 концерт береді. Қарағандылық музыканттар Испанияның кең сарайларында өнер көрсетеді.
Бүгінде Испанияның астанасы Мадридте 4 концерт өткізіп үлгерді. Сонымен қатар оркестр Альбасете, Уеска, Сарагоса, Сан-Себастьян қалаларының сахналарында өнер көрсетті.
Гастрольдік сапар 21 қаңтарда Мадридте өтетін қорытынды концертпен аяқталады.