• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 11 Қаңтар, 2024

Пайдалы кездесулер

116 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаттарының жұмыс сапары Қарағанды облысында жалғасып жатыр. Сапар барысында сайлаушылармен бірқатар кездесу, сондай-ақ өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарға бару жоспарланған.

Кеше мәжілісмендер А.Қалықов, Ү.Шапақ, Б.Смағұлов, Т.Адамбеков және Н.Шаталов №2 Өндіріс «Құры­лысмет» ЖШС (НОММ зауыты) ұжы­мымен кездесті. Кәсіпорын шахта жабдықтарын, электр дәнекерленген болат құбырларды шығарады. Кәсіпорын қызметкерлерінің саны 500 адамнан асады.

Кездесудің негізгі мақсаты – Мем­лекет басшысының реформаларын орындау бойынша ақпараттық жұмыс, сондай-ақ «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасының пункттерін орындалуын іске асыру.

Кездесуде тазарту құрылыстарын жа­ңар­­ту, өндірісті жаңғырту, кәсіп­орын­дағы ескірген жабдықтарды жаңарту, жұ­мыс­шы мамандықтарының мәртебесін арт­тыру және әлеуметтік мәселелер көтерілді.

Мәселен, кездесу барысында Шах­тинск қалалық мәслихатының депутаты Мақсат Тоқанов қаладағы тазарту құрылыс­тары бойынша бірқатар мәселе бар екенін айт­ып: «Қазіргі кездегі құрылымдар ескір­ген және енді пай­далануға жарамсыз. Сіз­ден рес­публикалық қолдау сұраймыз», деді.

«Бұл мәселе тек сіздің аймағыңызда емес, Ақтоғай ауданы мен Балқаш қала­сын­дағы Сарышаған қаласында да бар. Бүгінгі таңда жауапты орындаушы жаңғырту жос­парына сәйкес алдын ала ТҚК жүргізді, ЖСҚ әзірленді, 1,2 млрд теңге көлемінде бюджет бөлін­ді. Сұрағыңызды бақылауға алып, мә­се­ленің шешімін табуын соңына дейін қадағалаймыз», деп сендірді депутат Бауыр­жан Смағұлов.

Мәжілісмендер бетпе-бет әңгіме бары­сында қойылған барлық сұраққа жауап беруге тырысты. Өз кезегінде кәсіп­орын қызметкерлері кері байланыс үшін алғыс­тарын білдіріп, алдыңғы кезде­сулер­де көтерілген мәселелер мен өзекті сұрақ­тарды есіне алды. Оң шешіл­ген сұрақтар да бар, мысалы, сол кезде көтеріл­ген автопаркті жаңарту және маршрут­тарды ұлғайту мәселесі толық қолға алынған.

 

Қарағанды облысы