• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қаңтар, 2024

Рахат Тұрлыханов қамауға алынды

4691 рет
көрсетілді

Алматы қалалық сотында Рахат Тұрлыхановтың ісі бойынша сот отырысы жабық есік түрінде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Осы материалды қарау барысында, сот алқасы тағайындалған жаза бойынша, бұрын жұбайына бірнеше рет қол көтеру дерегі болуына байланысты бірінші сатыдағы сот шешімімен келіспеді. Алматы соты алқасының шешімі бойынша, Алматы Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімі өзгертілді», делінген сот хабарламасында.

Сот алқасының қаулысымен Тұрлыхановқа қатысты жаза баптың санкциясы шегінде ескертуден 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға өзгертілді. Қаулы күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Рахат Тұрлыхановқа қатысты істі қарауға қабылдаған. 

Артынша әнші кінәсін мойындап, әкімшілік ескерту түрінде әкімшілік жазаға тартылған еді.

Кейіннен Рахат Тұрлыханов пен жұбайы Алтынай бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.