Балқаш тарихи-өлкетану музейіне сақтар мен ғұндар дәуірінен бастап, Түрік қағанатымен жалғасқан, Қазақ хандығының және тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгінгі тарихын баяндайтын небір құнды экспонаттар қойылған. Көрме залдарында әр кезеңді көз алдыңа әкелетін көне жәдігерлер, фотосуреттер бар. Жақында мұражай қоры тағы бір жаңа жәдігермен толықты.
Балқаштық білікті дәрігер Нина Васильевнаның немересі Иван Гончаров әжесінің қан қысымын өлшейтін құралы сфигмоманометрді мұражайға тапсырды.
– Менің әжем 35 жыл бойы тек бір ғана ауруханада еңбек етіп, сол мекемеден зейнетке шыққан ақ халатты абзал жан. Білікті дәрігер Нина Васильевнаны балқаштықтар жақсы біледі. Әлі есімнен кетпейді. Бұл құралмен әжем көршілердің қан қысымын өлшейтін. Көршілерімізде жүрек-қантамыр ауруларымен ауыратын адамдар көп болатын. Сонда әжем осы арнайы құралдың көмегімен өлшеп, қалай емделуге кеңес беретін, – дейді дәрігердің немересі Иван Гончаров.
Cфигмоманометр 1962 жылы Ленинград қаласындағы Красногвардеец зауытында жасалған екен.
Қарағанды облысы,
Балқаш қаласы