• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 23 Қаңтар, 2024

Үкіметте экологиялық талаптарды сақтау жайы айтылды

150 рет
көрсетілді

Өткен жылдың қорытындысына сәйкес шығарындылар бойынша нормативтердің 3,3%-ға – 4,2 млн тоннадан 4,06 млн тоннаға дейін, төгінділер бойынша 8%-ға – 2,5 млн тоннадан 2,3 млн тоннаға дейін төмендеді, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев экологиялық  заңнаманың сақталуын бақылау мақсатында 652 тексеру жүргізіліп, 1,6 мың құқық бұзушылық анықталғанын жеткізді.

«Олар бойынша жою туралы 628 тиісті ұйғарым берілді. 322 млрд теңгеге 2,1 мың әкімшілік айыппұл салынды, 11,3 млрд теңге мөлшерінде 1,8 мың айыппұл өндірілді. Қалғандары орындалып жатыр. Экологиялық жағдайды жақсарту үшін ірі кәсіпорындар жыл сайын табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарларын әзірлейді. Сонымен қатар жұртшылықпен, экоактивистермен, жергілікті атқарушы органдармен және табиғат пайдаланушылармен бірлесіп өңірлердің экологиялық мәселелері қаралды. Нәтижесінде олардың кешенді шешімі бойынша 18 жол картасы әзірленгені» айтылды.