• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Білім 25 Қаңтар, 2024

Жалақыға қоса шәкіртақы береді

87 рет
көрсетілді

«Teach for Qazaqstan» бағдарламасының екінші легіне іріктеу бас­талды. Бағдарламаға білім саласында тәжірибесі жоқ мұғалімдер мен осы мамандықты бітіргелі жүрген студенттер ғана емес, педагог болғысы келетін басқа саланың мамандары да қатыса алады.

Барлық кезеңнен өткендер бағ­­дарлама бойынша өңірлерге жі­бе­ріліп, 2 жыл бойы жалақы­сы­­на­ қосымша тағы 300 мың теңге сти­­­пендия алады. Бұған қоса олар кә­­сі­би тұр­ғы­да дамудың жолына тү­­сіп, педа­го­гикалық даярлықтан өтеді.

«Teach for Qazaqstan» бағ­дар­­ламасы – білім сапасын арт­­тыруға бағытталған «Teach For All» жаһандық желісінің бір бөлігі. Оның негізін 2007 жылы АҚШ-тағы «Teach for America» үкіметтік емес ұйымының басшысы Венди Копп пен англиялық «Teach First» үкіметтік емес ұйымының басшысы Бретт Уигдорц қалаған. Бүгінде бұл бастама әлемнің 62 елінде сәтті жүзеге асып келеді. Ал елімізде аталған бағдарлама маман тапшы өңірлерге үздік педагогтерді тарту, сол арқылы барлық балаға бірдей сапалы әрі зама­науи білім алу мүмкіндіктерін жасау, білім сапасындағы теңсіз­дік­ті жою мақсатында былтырдан бастап қолға алынды.

«Teach for Qazaqstan» бағ­дар­­­ла­ма­сына педагогикалық ба­ғыт­та білім алған, бакалавриат/магис­тратура бітіргені туралы дип­ломы бар, бірақ осы салада тәжірибесі жоқ мамандар және педагогикалық емес бағыттағы болса да бакалавр/магистратура деңгейінде білім алған адамдар немесе жоғары оқу орнында педагогикалық мамандықтың 4-курсында оқып жүрген студенттер қатыса алады.

Бағдарламаға қатысу­шы­лар­ды іріктеу 4 кезеңнен тұрады. Қатысуға ниетті жандар ең алдымен teachforqazaqstan.org ресми сайтына кіріп, онлайн-сауалнама толтыруы керек. Сауалнама сұрақтары қазақ және орыс тілдерінде берілген. Мұнда әр қатысушы өзі туралы жеке ақпарат, мамандық ата­уын, оқу үлгерімінің орташа балын (GPA) көрсетеді, не себепті бағдарламаға қатысуға ниет білдіргені туралы мотивациялық эссе жазуы қажет. Екінші кезеңде асессорлармен онлайн-сұхбат болады. Үшінші оф­лайн кездесу кезеңінде кәсіби және педагогикалық білігі анық­талады. Соңғы кезеңде қатысушы мамандығына қарай пәндік тест тапсырма­ларын орындайды немесе әдіскерлермен сұхбаттасады. Бұл кезеңде қатысушының тек пәндік білімі тексеріледі. Барлық кезеңнен өткен үміт­керлер серік­тес­ жоғары оқу орындарына қайта даяр­лауға жіберіледі.

Бағдарламаға қатысушылар алдағы оқу жылынан бастап жұмыс істеуге, қоныс аударуға дайын болуға, Қазақстан азаматы болуы және мұғалімдерге арналған жазғы институт­ бағ­дар­ламасын бітіруге міндетті. Бұл жобаға қатысуға ниет біл­діргендер қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, география, информатика, математика, биология, физика, химия пәндерінің бірінен сабақ береді. Сондықтан осы пәндерге сәйкес келетін мамандықты бітірген болуы шарт. Мысалы, қазақ тілі пәнінен сабақ беруге ниетті адам қазақ тілі филологиясын немесе лингвистиканы оқыған болуға тиіс.

«Teach for Qazaqstan» бағ­дар­­ла­масы қайта даярлау жазғы инс­титутында тегін оқытып, рес­ми түрде жұмысқа орналас­ты­рады. Сонымен қатар екі жыл­дық келісімшарт аясында мектептің жала­қысы мен қо­сым­ша 300 мың теңге стипендия тағайындайды, коу­­­­чингтік және әдістемелік қол­дау көрсетеді. Сондай-ақ қаты­су­шы­лар құнды тәжірибе жинақ­тап, өңірлердегі әлеуметтік жоба­лар­дың жүзеге асуына атса­лыса ала­ды. «Teach for All» жаһан­дық желі­сінің, халықаралық нетвор­кинг­тің толыққанды мүшесі болады.

Қысқасы, бағдарламада бақ­ сы­нап көруді қалайтындар 5 ақ­пан­­­­ға дейін өтінім бере алады. Ал ірік­теуден өткен бағдарлама қаты­су­ш­ы­­лары мұғалімдер жетіспейтін шал­ғай өңірлерге, шағын қалалар мен ауылдарға аттанады.