• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Саясат 30 Қаңтар, 2024

ЕАЭО-да «сұр» сертификаттармен бірлескен күрес

105 рет
көрсетілді

ЕЭК Кеңесінің жаңа жылдағы бірінші отырысында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бастаған отандық делегация еліміз үшін бірқатар маңызды мәселені көтерді.

ЕАЭО кеңістігінде «сұр» серти­фи­каттар мәселесі өткір тұр. Сәй­кес­тікті растау құжаттары көбі­несе рәсімдерді бұзумен немесе сынақ­­сыз беріледі. Салдарынан кон­трафактілік өнімдер көбейіп, адам денсаулығына теріс әсерін тигізеді. 2022 жылы Қазақстанда басқа елдерде берілген 200, ал 2023 жылы 300 «сұр» сертификат жойылды.

Қалыптасқан жағдайдың ауқымы мен қаупін ескере оты­рып, ЕАЭО-ға мүше елдер бір­лескен жүйелі шаралар қабылдау қажеттігі жөнінде келісті. Тал­қылау қорытындысы бойынша ЕЭК Кеңесі Комиссия қарауына 2023 жылы күші тоқтатылған Еуразиялық экономикалық одақ аумағында берілген сертификаттар туралы ақпарат жіберуді тапсырды. Ақпаратты талдап, ұсыныстар әзірлеу үшін жоғары деңгейдегі жұмыс тобы құрылады. Ұсыныстар ЕЭК Кеңесінің биыл мамырда өтетін отырысында ұсынылуға тиіс.

2024 жылдың соңына дейін Қазақстан үшін 300 мың тонна көлемінде шикі қамыс қантына тарифтік жеңілдіктің қолданылу мерзімін ұзарту мәселесін қырғыз тарапы қолдамады. Бұл ретте ЕАЭО қанттың негізгі өндірушілері (РФ және Беларусь) қазақстандық сұра­нысты қолдады. Бұл мәселе ақпан айы­ның басында ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары деңгейінде қаралады.

ЕЭК Кеңесінің қаңтардағы отырысында қабылданған шешім­дердің қатарында навига­циялық пломбадағы ақпаратты қорғаудың бірыңғай шараларын Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қолдану бойынша іс-шаралар жос­парын бекіту болды. Құжатқа ықтимал ақпарат қауіпсіздігін бұзушыдан келетін қатерлері мен оның іс-әрекеттерінің жалпы моделін әзірлеуді, ақпаратты крип­тографиялық қорғау саласындағы алгоритмдерді анықтауды, ақпа­ратты қорғау үшін техникалық шешімдерді әзірлеу сынды мәсе­лелер қамтылған 2027 жылға дейінгі қадамдар кешені кіреді.

ЕАЭО-да тасымалдарды бақы­лау үшін нави­гациялық бі­те­мелерді (пломба) қолдану тура­лы келісім былтыр күшіне енді. Бітеме автомобиль және темір­жол көлігімен тауарларды та­сы­малдаудың тұтастығын бақы­лау­ды қамтамасыз етеді. Бұл механизм – Еуразиялық эконо­мика­­лық одақтағы кедендік транзиттің бірыңғай жүйесінің элементтерінің бірі.

Бұған қоса, ЕЭК Кеңесі техни­калық және кедендік реттеу, ақ­параттық өзара іс-қимыл сала­ларындағы интеграциялық үдеріс­терді дамытуға бағытталған бірқатар басқа да шешім қабылдады.