• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Ақпан, 2024

«Арамызда сатқындар бар». Шымкенттің әкімі жиналыс үстінде қарамағындағы шенеунікті ұстатып жіберді (видео)

3749 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өткізген әкімдік аппаратының жиналысында шенеунік ұсталды. Қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жиын барысында Тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушыны тергеуге алды, деп жазады Egemen.kz.

Жиналыста қала әкімі қызметкерлерді адал жұмыс істеуге, бюджеттен бөлінген қаржыны қолды етпеуге шақырды.

«Бүгін менің тағайындалғаныма тура 5 ай болды. Сіздерден осы уақыт аралығында жұмысты адал істеуді сұрап жатырмын. Мен білемін араларыңызда адал, мемлекетшіл азаматтар бар. Көп кісі сондай. Сіздерге сенемін. Сендім де. Сіздерді ауыстыратын ешқандай ойым болған жоқ. Бірақ кеткен кісілер де болды. Олар сөзге көнбегеннен кейін кетті. Өздерінің артында былықтары да бар. Өткен нәрсені қалдырып, қазір жұмысты жаңадан бастау керек. Арамызда сатқындар да бар. Осы жерден алып кетіңіздер», деді Шымкент қаласының әкімі.

Жиналыс барысында Тергеу басқармасының өкілі сөз алып, өткен жылдан бері ескертуді елемеген шенеунікті тергеуге алатынын мәлімдеді. 

Видеодан осы тұста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жиналыс өтіп жатқан кабинетке кіріп, залда отырған шенеунікті сұраққа алып, ұстап алып кеткенін көруге болады. 

Кейін ұсталған тұлға Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Момынов Азат Мұхтарұлы екені белгілі болды.

Бұған дейін басқарма басшысының міндетін атқарушыға қандай айып тағылғанын хабарлаған едік.