• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Пікір 15 Ақпан, 2024

Сөзден іске көшетін уақыт жетті

234 рет
көрсетілді

Өркениетті өмір салтына өтуі үшін қоғамдық үдерісте бірқатар жоба-жоспар іске асырылу керек екені ақиқат. Осы орайда халықтың тұрмыстық әл-ауқаты мен рухани кемелдігі қашанда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Ана тілдің аясын кеңейту, ұлттық танымның жасампаз үлгісін қалыптастыру, сонымен қатар сапалы тұрмысты қамтамасыз ету, мұның бәрі – кезек күттірмейтін маңызды міндеттер. Осы мәселелер жөнінде Парламент Мәжілісінің депутаты Жарқынбек Амантайұлының қабылдауында ойымызды ортаға салған едік.

Ең алдымен, ауыл еңбек­керлері шы­ғындарын субсидиялау мақсатында бірқатар жұмыс атқарылу керек екенін жеткіздім. Агроөнеркәсіп ке­шен­деріне тиісті назар ауда­рылса, халықтың тұрмыс са­пасы біршама жақсарып, жұ­мыссыздық азаяр еді.

Сонымен қатар халыққа ауыр соғып отырған тағы бір мәселе – өңірдегі қол­дан жасалған тапшылық пен қымбатшылық. Науқан ке­зін­де ауыл шаруашылығына ауа­дай қажет шикізат бағасы­ның негізсіз артып кететіні халық­тың шамына тиіп болды. Оған азық-түлік бағасы мен коммуналдық қызмет төлемінің қымбатшылығын қосыңыз. Депутаттардың осы маңызды мәселені шешуге белсене атсалысуын сұрадым.

Сондай-ақ қазыналы қарт­тарымызға да ерекше назар аудармаса, болмай­ды. Жо­ға­рыда айтқан қым­бат­шы­­лық бұл кісілерге екі есе ауыр тие­­тіні жасырын емес. Сон­дай қиындықтардың бірі – айып­пұлдар. Көлік тіз­гін­де­ген ақсақалдар жол ере­же­сін сақтағанымен, кей­бір бол­машы белгілерді аңғар­май қа­лады да, үлкен көлем­дегі айып­пұлдарды төлеуге мәж­бүр болады. Менің ұсы­ны­сым, қарттарға салынатын сол айыппұлды азайтсақ дер едім.

Ұлтты жаңа сапаға көтере­тін – оның ішкі руханияты мен мәдениеті. Қоғамды алға жетелейтін дәл осы құн­ды­лықтарға айрықша мән беруіміз қажет. Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрге ерек­ше қарап, әрбірін керек же­рін­де орындап, сақтап отырған. Бұл – ұлтқа рух беріп, оның ішкі-сыртқы келбетін өрнек­теп көрсетіп тұратын сипаттардың бірі. Осы орайда жастар тәрбиесіндегі жү­ген­сіздік мені ерекше алаң­датады. Бізге ұлттық таным­ды қайта қалыптастыру керек. Мектептегі баладан мем­ле­кеттік қызметшілерге дейін орысша ойланатын азаматтар ұлтына қызмет ете алмайды. Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады.

Бұған қоса қаракөз қыз­да­рымыздың шетелдік аза­маттарға тұрмысқа шығуы жиі­леп барады. Бұл да – ұлттық генофон­ды­мызға туатын қауіп. Сол себепті бұл мәсе­ленің алдын алатын арнайы заң шыға­рылу керек деген ұсынысымды жеткіздім. Сөзден іске көшетін уақыт жетті. Сон­дықтан депутаттар уақытты халықпен кездесу­ге емес, халықтың мәселесін шешуге жұм­сағаны жөн.

 

Оңдасын НАЗАРОВ,

«Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

Түркістан облысы