• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Ақпан, 2024

Есірткі жеткізу арнасының жолын кесті

100 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері оңтүстік өңірден есірткі жеткізу арнасының жолын кесті,  деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Ақтөбеде қала тұрғыны тізгіндеген Toyota Alphard автокөлігі тоқтатылды. Көлікті тінту кезінде жүксалғышта өсімдік тектес, жасыл түсті, ерекше иісі бар зат салынған және скотчпен оралған алты полимерлі қап табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 57,5 кг марихуана екені анықталды»,  деді  ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында  тағы бір күдікті ұсталған. «Оның гаражынан өсімдік тектес заттар бар екі үлкен қара пакет табылып, тәркіленді. Тәркіленген зат салмағы 20 кг болатын марихуана болып шықты. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес екінші күдікті ұсталған сәтінде есірткілік масаң күйде болған. Жалпы салмағы 77 кг-нан асатын бұл есірткілерді аталған адамдар өңірге жеткізіп, кейіннен сату мақсатында сақтағаны» жазылған ақпаратта.

Б.Әмірханов ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі атанып, осындай қылмыс жасағаны үшін күдіктілер 15 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін айтты.