Жамбыл облысында құны 10 млн теңгені құрайтын үнді марихуанасы тәркіленді. «Тосқауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Тараз қаласының 50 жасар тұрғыны есірткі заттарын сақтағаны анықталды, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Яго есімді қызметтік ит тұрғылықты жерін тінту кезінде қора мен бақшада жасырылған есірткіні табуға көмектесті. Күдікті тыйым салынған заттарды канистрлерде сақтаған. Жалпы салмағы 4 келі 604 грамм кептірілген үнді марихуанасы тәркіленді», делінген ақпаратта.
Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Әлім Бажықбаев күдікті қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты.