• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 27 Ақпан, 2024

Елорда әуежайы өрттен кейін қалыпты жұмысқа кірісті

122 рет
көрсетілді

Өрт салдарынан тоқтап тұрған Астана халықаралық әуежайында жұмыс қайта жанданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әуежайдың баспасөз қызметі хабарлауынша, ішкі рейстер терминалында жолаушыларды тіркеу қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.  

«Сағат 10:48-де Астана халықаралық әуежайының Т2 ішкі рейстер терминалы пайдалануға берілді. Сондай-ақ халықаралық әуе терминалын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әуежайда жұмысты жалғастыру Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының рұқсатымен мүмкін болды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Астана халықаралық әуежайының терминалында өрт шыққаны белгілі болған еді. Түтіннің салдарынан ғимараттан 500-ге жуық жолаушы эвакуацияланды. Оқиғаға байланысты 18 рейс кейінге шегерілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына электр кабельдерінің тұтануы себеп болуы ықтимал.