Ақмола облысы Есіл қаласында көлік жуу нысанында Audi A6 көлігінен 28 және 29 жастағы екі ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz sinegor.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 5 наурызда болған. Есіл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне таңғы сағат 07.45-те қала тұрғынынан көлік жуу орнында бір көлік тұрғаны және оның ішінде екі өлген адамның жатқаны туралы хабарлама түскен.
Полиция олардың кім екенін анықтады. Қайтыс болғандардың бірі - Есіл аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторында жұмыс істеген полиция сержанты. Екіншісі – жергілікті тұрғын.
Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.