• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Үкімет 15 Наурыз, 2024

«Ауыл аманатының» Атырау жұртына көмегі

121 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүй­сенова Атырау облысына жұмыс сапары аясында бірқатар өнеркәсіптік нысан жұмысымен танысты. Сондай-ақ «Теңізшевройл» компаниясының өкіл­дері­мен, «Ауыл аманаты» жобасының қатысу­шыларымен кездесті.

Вице-премьерге «Еділ-Орал» оқу-өндірістік орта­лы­ғының жұмысы баяндалды. Мұн­да техникалық мамандық мең­герген түлектердің білі­мі мен құзыреттік деңгейі тексе­ріледі. Барлық сынақтан өткен­нен кейін оларға кәсіп­орындарға жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін сертификаттар беріледі.

Орталық электр, желдету жүйелері, механика мен кабель мон­таждау, телекоммуника­ция са­ла­ларында сынаққа қа­жет­ті құрал-жабдықтармен жаб­дық­талған. Тамара Дүйсенова мұн­дай ұйымдардың сапалы кадр даяр­лаудағы маңыз­ды­лығын атап өтті.

Өңірде 7 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отырған «Дәулет» ірі индустриялық ай­мағы бар. Мұнда вице-премьер назарына ауыз су, макарон өнімдерін дайындауға бағыт­талған зауыттар жұмысы ұсы­нылды. Өндіріс толығымен авто­маттандырылған. Өнімдер Аты­раудан бөлек, еліміздің өзге өңірлеріне де жеткізіледі. Соны­мен қатар аймақта қызметтік арнайы киімдер өндіретін тігін цехі жұмыс істейді. Келешекте әскерилерге қажет бронежилет шығаруды жоспарлап отыр.

Жұмыс сапары аясында Тамара Дүйсенова «Те­ңіз­шев­ройл» ЖШС басшылы­ғымен кез­десті.  Компанияның бас дирек­торы Кевин Лайон ат­қа­ры­лып жатқан жұмыстар мен алда­ғы уақытқа жоспар­лан­ған жо­балар туралы айтты. Өз кезегін­де вице-премьер өндіріс­тегі ең­бекті қорғау және еңбек қауіп­сіз­дігі талаптарын қатаң сақтау мәсе­лелеріне ерекше назар аударды.

Өңірде Теңіздегі «Келешек кеңею жобасының» аяқталуына байланысты қызметкерлердің жұмыстан босатылуы мәселесі өзекті. Облыс әкімдігі берген дерекке сай, былтыр жұмыстан бо­са­­тыл­ғандардың 96%-ы әлеу­мет­­­тік қолдау шараларымен қам­­­тылды. Жартысынан астамы жұ­­мыспен қамтылса, өзгелері­не әлеу­меттік төлемдер тағайын­далып, бір бөлігі оқу курстарынан өтті.

«Жұмыссыз қалған азамат­тарға жан-жақты қолдау көр­сету  – маңызды міндет. Бұл ретте аймақ әкімдігі мүдделі мем­лек­ет­тік органдармен бірлесе тиіс­ті шаралар қабылдауы қа­жет. Мемлекет тарапынан жұ­мыссыз азаматтарға қатысты түрлі жобалар қарас­тырылған. Біліктілігін шыңдай­мын деген­дерге оқу курс­тары, өз кәсі­бін ашқысы келетін­дерге жеңілдетілген несиелер ұсы­нылады. Азаматтарымызды қолдау үшін барлық мүмкін­дікті пайдалануымыз керек», деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Айта кетейік, ірі өндіріс оша­ғы жергілікті шаруашы­лық­тар өнімдерін тұтынушысы да бола алады. Сондай-ақ кездесуде ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысы қаралды.

Былтыр аймаққа жоба аясында 1,5 млрд теңгеге 192 шағын несие берілді. Биыл өңірге 761 млн теңге қарастырылған, оның аясында 83 азамат жеңілдетілген несие алады деген жоспар бар.

Бағдарламаға қатысушы­лардың бірі Тасқала ауылының тұ­р­ғыны Қуаныш Якудин аймақ­та алғаш болып, құлпынай егуді қолға алмақ.

«Мен кәсіп ашпас бұрын оқу курстарынан өттім. Құлпынай өсірудің өз ерекшеліктері бар. Сон­дықтан оның екі түрін егіп көрмек­пін. Қайсысы жақсы өнім беретінін бақылауым керек», деп Қуаныш Якудин жоспарымен бөлісті.

Бүгінде аймақта 51 жылы­жай бар. Дегенмен олардың көбін­де көкөніс өсіріледі. Тамара Дүйсенова Тасқала тұр­ғынының бастамасына оң баға беріп, сәттілік тіледі.