Бүлдіршін 17 наурыз күні түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полицияға қыздың анасы хабарласқан. Ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылды.
«Полицияға Күш ауылының 40 жастағы тұрғыны хабарласып, 17 наурыз күні сағат 16:00 шамасында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағанын айтты. Бұл факті дереу аудандық полиция бөліміне тіркелді. Қазіргі таңда арнайы дайындалған иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», деді Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы.