• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Наурыз, 2024

Алматы облысында жоғалып кеткен қыз үш күннен бері табылмай жатыр

121 рет
көрсетілді

Алматы облысында жоғалып кеткен 3 жасар қыз 3 күннен бері іздестіріліп жатыр. Ауқымды іздеу жұмыстары әлі нәтиже бермеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Қыз әлі табылған жоқ, оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, баланы іздеуге «Қазавиаспас» тікұшағы қосылды. Іздеу орнында жедел штаб құрылды.

«Іздеу жұмыстарына 300-ге жуық адам және 80-ге жуық техника, 4 пилотсыз ұшу аппараты, аңшылық шаруашылығы қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, еріктілер, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды», делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, бүлдіршін 17 наурыз күні түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында жоғалып кеткен.