• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Сәуір, 2024

Қара бетперде киген жігіт жалғызбасты анаға пәтер сыйлады

195 рет
көрсетілді

14 жылдан бері еден жуатын, жалдамалы баспанада тұратын 3 балалы жалғызбасты ана күтпеген қуанышқа кенелді, деп жазады Egemen.kz.

chelovekvmaskee инстаграм парақшасындағы видеода: «Жұмысқа түнгі сағат 02:30-да келемін, содан түскі 12-ге дейін жұмыс істеймін. Қызым ми ісігі ауруына шалдықты, химиотерапия алып жүрміз. Жалдамалы пәтерде тұрамыз. Газ, су, дәретхана жоқ. Еден жуып шаршадым, ұйқым қанбайды, көз жасымды қызыма көрсетпеймін», дейді жалғызбасты ана.

«Жақын адамымыз ауырғанда бір ғажап сәтті күтеміз ғой. Сол сәт бүгін туды», деген бетперделі жігіт оған жаңа үйдің кілтін тарту етті. Сонымен қоса оның қызын Түркияда емдетуге қаражат берді.

Қуаныштан жылап жіберген жалғызбасты ана бетперделі жомарт жігітке алғысын жаудырды.