• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Сәуір, 2024

Қыс бойы жауған қарды жинап, сақтап, жазда кәдеге жаратуға бола ма?

316 рет
көрсетілді

Кеше «Ашық алаң» бағдарламасында осындай қызықты сауал талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бағдарлама жүргізушісі Назым Жанғазы Мәжіліс депутаты Олжас Құспековке осындай сауал қойды.

«Еріген қарды жинап, жазда қолдануға бола ма, сондай технология бар ма? Олжас мырза, сіз көп жер көрдіңіз, Кореяда оқыдыңыз, қалай ойлайсыз, бізге осындай тәжірибе еңгізуге бола ма? Қыс бойы жиналған қарды жазда қолдансақ қайтеді?», деді журналист.

Ал мәжілісмен мұндай тәжірибе барлық дамыған елдерде бар екенін айтты.

«Қазақстанның территориясы үлкен, сондықтан қыс бойы жауатын қар бізге бір-екі жылға жазғы уақытта суармалы су ретінде пайдалануға жетер еді. Бірақ булану бар, басқа процесстер бар, оның барлығын реттеу мақсатында Мәжіліске су кодексі енді. Осы құжатпен соның барлық тетіктерін - халықаралық тәжірибені, қарды сақтап су ретінде егістікке пайдалануды, барлық тетіктерін қарастырып жатырмыз. Оған қоса Су министрлігі құрылған себебі сол, өйткені бізде бұл бағытта үлкен жүйелі проблема бар. Сондықтан да осы заң жобасы қолға алынды, енді осыны болашақта реттеуге болады», деп жауап берді депутат.