• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Сәуір, 2024

87 жастағы Ілия Жақанов Жайықтың жағасында бөгет салуға көмектесіп жүр

233 рет
көрсетілді

Жазушы, композитор Ілия Жақанов Жайықтың жағасында бөгет салуға көмектесіп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның Еңбек Ері биыл 87 жастан асып барады. "Жасым келді, белім бүгілді" деместен, Жайықтың жағасындағы тасқынмен күресуге жастармен тең күш салып, қолына күрек ұстап жүр.

Қарғын судың қаупі төне бастаған тұста Жақанов ақсақал да Жайық өзенінің жағалауындағы осал тұстарды бекіту үшін студенттерімен тең бөгет салуға барыпты. Барғанда да, бірлі-жарым суретіне түсіп, кетіп қалмай, бастан-аяқ жүрген.

- Тіршілік нәрі – Жайығымыз арнасы аспаса екен, ел қиындыққа тап болмасын деп тілеймін. Қазір су тасқыны Атырау облысына ғана емес, бірнеше өңірге қауіп төндірді. Сол себептен, бөгет салып жатқан жастарды қолдауға келдім. Елімізді қиындықтан бірлігімізбен ғана қорғай аламыз, - дейді Ілия ақсақал Жақанов.