Қасиетті Қарқаралы қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайының қоры XIX ғасырға тиесілі жебе ұштары жәдігерімен толықты.
Темір мен мыстан жасалған жебе ұштарын мұражай қорына жергілікті тұрғын, орманшы Серік Туғамбаев тапсырыпты.
Жебе ұштары Қарқаралы аумағындағы ескі қорған орнынан табылған.
– Жебе ұштарының ұзындығы 5-10 сантиметрге дейін жетеді. Көне жәдігер жақсы сақталған. Екі және үшбұрышты пішіндегілері мұздықтар мен найзаларға ұқсаса, кішкентай жебе ұштары мыстан жасалған ысқырық оқтарға ұқсайды. Серік Туғамбаев көне жәдігерлерді қалмақтар қорғанынан тауып алған. Олар жартасқа соғылған, – дейді мұражай қорының сақтаушысы Айтбану Қадырова.
Мұнымен қоса, бұл мұражай күй Тәңірі Тәттімбет Қазанғапұлының немересі Шайхы Мұсатайұлының домбырасы, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың жеке заттары, мемлекет қайраткері Жақып Ақбаевтың самаурыны мен көрпесі секілді сирек кездесетін жәдігерлерге бай.
Қарағанды облысы,
Қарқаралы ауданы