Атырауда Жайық өзенінің жағасынан белгісіз ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицейлердің мәліметінше, мәйіт 14 сәуір күні сағат 18:10 шамасында Атырау ықшамауданынан табылған.
Қазіргі уақытта табылған дене 2023 жылы 13 маусымда суға кеткен 2008 жылы туған жасөспірімдікі болуы мүмкін деген күдік бар. Нақты ақпарат тағайындалған сот-медициналық сараптама нәтижесінде белгілі болады.