• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Сәуір, 2024

Сенаторлардың су басқан өңірлерге сапары жалғасты

115 рет
көрсетілді

Сенатор Геннадий Шиповских Солтүстік Қазақстан облысындағы гуманитарлық көмек қабылдау пункттерін және эвакуация орталықтарын аралады. Депутат тұрғындармен кездесу барысында шығынды өтеу ережесі тұрғысында және мемлекеттік қолдау көрсету туралы көптеген сұрақтарға жауап берді. Ол зардап шеккендерге көмек көрсетуге атсалысқан еріктілерге алғысын білдірді. Сондай-ақ төтенше жағдайда тиімді әрекет ету және зардап шеккендердің өмірін қалпына келтіруге көмектесу үшін барлық тараптың күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутат Нұрлан Бекенов Ақмола облысының Шортанды ауданына қарасты Дамса ауылындағы тасқын суға дайындық жұмысының жай-жапсарымен танысты. Егер бөгет күтпеген жағдайда бұзылатын болса, пайдаланылатын балама және айналма жолдар бар. Н.Бекенов аудандағы ахуалдың тұрақтылығын және су тасқыны салдарын жою жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сенаторлар Ғалиасқар Сарыбаев, Әлішер Сатвалдиев және Бибігүл Жексенбай «Астана» маңындағы қарсы реттеуші су қоймасында болды. Аталған қойма арқылы ­– қаладан тасқын су өткізіледі және қала ықтимал тасқын судан қорғалады. Су деңгейінің көтерілуі және тасқын судың қала инфрақұрылымына әсеріне байланысты қауіпке орай астаналықтардың өтініші сапарға себеп болған еді. Нысанды аралау барысында сарапшылар қазіргі уақытта елорданы су басу қаупі жоқ екенін, ахуал әкімдіктің бақылауында тұрғанын және қарсы реттеушінің қалыпты жұмыс істеп тұрғаны туралы сенаторларға айтып берді. Депутаттар кездесу барысында төтенше жағдайға байланысты жедел әрекет ету және мониторинг жүйесін одан әрі жетілдіру қажеттігіне тоқталды.