Грек-рим күресінен Қырғызстанның бас қаласы Бішкекте өтіп жатқан Азия лицензиялық турнирінде Қазақстан қоржынына кезекті лицензия түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жартылай финалда отандасымыз Айдос Сұлтанғали (60 кг) тайбэйліктен басым түсіп, ел қоржынына 44-інші Париж Олимпиадасының жолдамасын салды.