Бельгиядан келіп, туған анасын іздеп жүрген қазақ баласы Жәнібек Савельев әлеуметтік желідегі парақшасында өзін асырап алған Валери есімді әйелді көрсеткен болатын. Жәнібек өзін асырап алған әйелден біраз шындықты білгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәнібекті асырап алған Валери оны балалар үйінен қалай алғанын және кіммен сөйлескенін айтып берген. Ол әйелдің аты-жөні де белгілі.
«...Валери маған бар шындықты айтты. 12 000 доллар және оны кімге бергенін де айтты. Мен Валериден ақша алған әйелдің аты-жөнін білемін, бірақ мен сұхбатта оның есімін әдейі жасырдым. Мен ол әйелдің маған хабарласып, туған анамды табуға көмектескенін күтіп жүрмін», - дейді Жәнібек Савельев.