Алматы тұрғынының пәтерінен есірткі қоймасы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әуезов ауданының тұрғыны пәтерінде «героин» есірткі затын қолдану үшін қойма ұйымдастырған. Пәтерді тінту кезінде электронды таразылар, пайдаланылмаған шприцтер, құрамында өсімдік тектес және ұнтақ түріндегі заттары бар байламдар табылып, тәркіленді.
Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тәркіленген заттарды жойды.
«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-химиялық сараптама тағайындалды», деді қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.