Бүгінде біздің мемлекетіміздің негізгі іс-қимылдарының бірі – Түркі мемлекеттері ұйымы аясында ұйымға мүше елдермен екіжақты және көпжақты байланыстарды одан әрі нығайту, неғұрлым тығыз қарым-қатынастар орнату, өзара іс-қимылды байытуға бағытталғанын баса айту керек. Атап айтсақ, Әзербайжан – Қазақстан қатынастары қазір тарихтың ең жарқын кезеңін бастан өткеріп жатыр.
Соның ішінде ортақ тарихи құндылықтары, мәдени мұрасы бар бауырлас халықтарымыздың ынтымақтастығы биік белестерді бағындыра білді. Себебі біздер ата-бабаларымыздың рухын асқақтатын стратегиялық бағытты ұстанамыз және әрі қарай да болашақ ұрпаққа осы жолды аманат етеміз. Президенттер Ильхам Әлиев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың берік достық, шынайы бауырластық қарым-қатынасы біздің халықтарымызды да жақындастырып, тату көршілік байланыстарды арттырып отыр. Бауырлас елдеріміз екіжақты немесе халықаралық аренада бір-біріне жоғары қолдау көрсетіп келеді.
Мемлекеттер басшыларының екіжақты сапарлары қос елдің саяси, экономикалық, коммерциялық және басқа да практикалық қызмет салаларындағы байланыстарына лепті үлес қосады. Қазақстанмен көптеген саладағы ынтымақтастығымыз екі елдің тұжырымдарына сәйкес жалғасын тауып жатыр. Транскаспий бағытын іске қосу біздің елдеріміздің транзиттік байланыстарын арттырып қана қоймай, бізбен экономикалық-коммерциялық ынтымақтастықты жолға қойған басқа елдер тарапынан елеулі қызығушылық тудырады. Айта кету керек, Әзербайжан мен Қазақстан бүгінде көптеген бағыттар бойынша транзиттік жүк тасымалдауды жүзеге асырып жатыр. Бұл экономикалық-сауда мәселесі ғана емес, Әзербайжан мен Қазақстанның көптеген салалардағы стратегиялық маңызын әлемге танытады.
Қазақстан басшысының елімізге сапары барысында қол қойылған құжаттар бірқатар салалардағы ынтымақтастығымыздың дамуына ерекше ықпал етеді.
Физули қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Құрманғазы атындағы балалар шығармашылығы орталығы салынып, пайдалануға берілгені – мемлекеттеріміз бен халықтарымыз арасындағы достықтың, бауырластықтың тағы бір жарқын көрінісі.
Әділ ӘЛИЕВ,
Әзербайжан Республикасы Ұлттық Мәжілісінің вице-спикері