• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Таным 04 Мамыр, 2024

Нобель алған қарындаш

81 рет
көрсетілді

Ғабит Мүсірепов әйгілі «Қыз Жібек» фильмінің сценарийін қарындашпен жазып шыққаны әмбеге аян. Қадыр ақын да өлеңдерін қарындашпен жазғанын білеміз. «Өйткені өте ыңғайлы, тұрып та, отырып та, жатып та жаза беремін», дейтін өзі. Сол сияқты Джон Стейнбек те шығармаларының алғашқы нұсқасын қарындашпен жазатын.

Жұмыс істер алдында ол ондаған жақ­сы ұшталған қа­рындашын сайлап қояды. Автор қарындаш таңдауда да мұқият болды: ол тек Blackwing өнімін қолданатын. Осы­лайша, таңдалып, тал­ға­нып алынған қаламнан ту­ған жазу­лар авторға Нобель, Пу­лит­цер сый­лықтарын алып берді.

Қалам демекші, Шерхан Мұртаза кәдімгі шарлы қа­ламмен жазған. Түні бойы қолмен жаза отырып, бір жаз­ғанын еш өзгертусіз ма­шин­каға жіберуге тырысқан. Ал Тынымбай Нұрмағамбетов үйренген автоқаламын сын­­ғанша қолынан тастамай, ішін ғана ауыстырып оты­ра­ды. «Мен тек авто­қаламмен жа­замын. Жазуды бастағалы бері авто­қаламымды екі-ақ рет, асып кетсе, үш рет ауыс­ты­рыппын. Қырық жылға жуық уақыт ішін­де ұс­та­­ғаным – үш-ақ қалам. Сен­сеңіз де, сенбесеңіз де осы. Ырым. Сенім», дейді ол.