Жаңаөзен қаласы прокуратурасы екі мемлекеттік балабақша есепшісінің бюджет қаражатын жымқырып келгенін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Есепші өзінің жеке шотына жалпы сомасы 30 млн теңгені заңсыз аударған.
«Аталған факті бойынша қала прокуратурасы қылмыстық істі тіркеді. Айыпталушыға Жаңаөзен қалалық сотының 15.03.2024 үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағымен 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалып, осы кодекстің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты деп саналды», делінген қалалық прокуратура хабарламасында.
Айта кетейік, жымқырылған 30 млн теңге толығымен мемлекетке қайтарылды.