• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Мамыр, 2024

Алматыда отқа оранған тұрғын үйден 15 адам құтқарылды

51 рет
көрсетілді

Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрт орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Наурызбай ауданындағы «Премьера» тұрғын үй кешенінде өрт шыққаны анықталды.

«Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Өрт қоңырау түскен сәттен бастап 22 минут ішінде сөндірілді. Өрттің нақты себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Құтқарушылар 15 адамды эвакуациялады», деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті