• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Мамыр, 2024

Су тасқыны: СҚО-да 360 кәсіпкер қаржылай көмек көрсетті

182 рет
көрсетілді

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов  пен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жұмабаев ауданында болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Министр мен облыс әкімі «Нұрсен Агро» және «Полудинское» ЖШС егістік алқаптарын аралап, өңірдің астық өндірушілерімен кездесті. Жиында егіс жұмыстарын дер кезінде аяқтап, ауылдарды әлеуметтік қолдаудың маңыздылығына аса тоқталды.

Кездесу барысында аймақ басшысы су тасқынының салдарын жоюға және инфрақұрылымды қалпына келтіруге қомақты қаржы бөлген диқандарымыздың үлесін атап өтті.

«Олардың қатарында «Зенченко и К», «Ноғайбай» ЖШС және басқалары бар.  Барлығы 360 серіктестік пен кәсіпорын көмек көрсетті.  Солтүстікқазақстандықтардың атынан кәсіпкерлерге  облыс үшін қиын-қыстау кезеңде қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын», деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті