• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Мамыр, 2024

Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеп келеді

508 рет
көрсетілді

Атырау облысында Жайық өзенінің су деңгейі төмендеді. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай бойынша жедел штабы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

31 мамырда, сағат 08:00-дегі есептеулер бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейінің өзгеруі:

Индербор кен орнында 3 сантиметрге төмендеді, су деңгейі 951 сантиметр, сыни деңгей - 845 сантиметр.

Махамбет ауылында 2 сантиметрге төмендеді, су деңгейі - 1014 сантиметр, сыни деңгей - 850 сантиметр.

Атырауда өзгеріссіз, су деңгейі - 600 сантиметр, сыни деңгей - 550 сантиметр.

Жаңаталап ауылында 1 сантиметрге көтерілді, су деңгейі - 432 сантиметр, сыни деңгей - 500 сантиметр.

Еркінқала ауылында 1 сантиметрге көтерілді, су деңгейі - 389 сантиметр, сыни деңгей - 450 сантиметр.

 

Ерлан КИІКБАЙ,

ЕҰУ студенті