• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Мамыр, 2024

Алматы әуежайының қызметкерлері 50-ден астам смартфон ұрлаған

81 рет
көрсетілді

Көлік полицейлері 50-ден астам ұялы телефон ұрлаған әуежай қызметкерлерін ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы жылдың 24 мамырында Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында әуежайдың үш қызметкерінен құрылған топтың қылмыстық әрекетін әшкереледі.

Ұсталғандар Қазақстанның өзге өңірлеріне сатылу керек болған пошта жөнелтілімінің тауарларын, атап айтқанда телефондарды бірнеше рет ұрлады деген күдікке ілінді. 

Сотқа дейінгі тергеу амалдары әлі де жалғасып жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмеді.