Алматы облысының Байсерке ауылында жолаушылар автобусы отқа оранды, деп жазады Egemen.kz.
Өрт сөндірушілер қоғамдық көлік өртін сөндірді.
ТЖМ хабарламасында: «Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Шығу себебі анықталып жатыр. Жолда көлігіңіз өртене бастаса, көлікті дереу тоқтатып, көліктен шығып кетуіңізді сұраймыз», делінген.