• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Маусым, 2024

«Роллс-Ройс жеткізуге уәде берген»: Алаяқтықпен айналысқан азамат 13 жылдан кейін табылды

134 рет
көрсетілді

2010 жылдың қазан айында жәбірленушіден АҚШ-тан «Роллс-Ройс» маркалы автокөлікті жеткізу үшін 50 млн теңгеден астам ақшасын алып, кейін бой тасалаған күдікті елге экстрадацияланды, деп жазады Egemen.kz.

Ол 10 жылдан астам уақыт бойы жасырынып келген. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздеу жарияланған еді. 

Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің бірлескен операциясы негізінде алаяқтық фактісі бойынша күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен табылды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

«Іздеушіні экстрадициялау Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы дайындаған 2009 жылғы қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімнің арқасында мүмкін болды», деп мәлімдеді Бас прокуратура.