• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Маусым, 2024

Асқар Құлыбаевқа тиесілі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды

128 рет
көрсетілді

Асқар Құлыбаевтың иелігіндегі мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды  Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы прокурорының талап-арызы бойынша Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында орналасқан, құны 66 млн АҚШ доллары болатын ауданы 134 гектар мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды.

«Талап-арыз Асқар Құлыбаевқа тиесілі компанияның шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қоюы нәтижесінде келтірілген залалды өтеу мақсатында берілген», деп хабарлады прокуратура.

Анықталғандай, 2011 жылы мұнай терминалы Құлыбаев компаниясының меншігіне алынған. 2024 жылдың 26 ақпанында Маңғыстау облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, сот актісі заңды күшіне енді.