• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Білім 07 Маусым, 2024

Ғылыми жобаларға грант беру тәртібі қалай өзгереді?

97 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Atameken Business телеарнасының «Exclusive» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды  Egemen.kz.

«Бұрын гранттар берілген кезде ғалымдардың ұсыныстарын, тапсырмаларын жинақтап, оны Жоғары ғылыми техникалық комиссияның қарауына шығаратынбыз. Бұдан соң олар бекітеді, сол ғалымдардың ұсыныстарының негізінде гранттар берілетін болады. Өкінішке қарай, бұл теріс механизм. Ғалым өзі жүзеге асыра алатын ұсынысты береді. Көп жағдайда ол ұсыныстар нақты өндірістің немесе салалық тапсырыстың негізінде болмайтын. Сондықтан механизм осы жылдан бастап өзгерді. Енді Жоғары техникалық комиссияның құрамына ірі кәсіпорындардың басшыларын кіргіздік. ERG, «Қазақмыс», Балқаш мыс зауыты және тағы да басқа ірі зауыттар», деп түсіндірді Саясат Нұрбек.

Ғылым және жоғары білім министрінің айтуынша, енді ғылыми-техникалық тақырыптарды ғалымдар өздері белгілемейді, оны зауыттар белгілейтін болады. Сондай-ақ министр берілген тапсырмалар негізінде қаражат бөлінетінін айтты.

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті