Жол-көлік оқиғаларын талдау барысында осы жылдың бес айында елордада жол-көлік оқиғалары едәуір өскені байқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көп жағдайда жүргізушілердің кінәсінен жаяу жүргіншілерге, соның ішінде жаяу жүргіншілер өткелдері мен тротуарларға соқтығысу фактілері кездеседі.
Мәселен, өткен жылдың тамыз айында Қабанбай батыр даңғылымен келе жатқан Chevrolet Cruze жүргізушісі бағытын оң жақ шеткі жолаққа ауыстырып, сол бағытта келе жатқан Kia Rio көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Chevrolet Cruze жүргізушісі тротуарға шығып кетіп, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты нәтижесінде жаяу жүргінші алған жарақаттарынан көз жұмды.
Сотқа дейінгі тергеу барысында қажетті сараптамалар кешені тағайындалып, оның қорытындысымен жүргізуші келіспеді. Осыған байланысты оның өтініші бойынша қосымша сараптама тағайындалды.
Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті