Астрономдар бүгін түстен кейін магниттік дауыл болатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Күн астрономиясы зертханасы бұл құбылыс жерге айтарлықтай әсер етіп, күннің ысуына әкелетінін пайымдайды.
Ғалымдар кинетикалық сәуле күннің шетінде болғандықтан, ол жерге тікелей түспегенмен, әсері байқалмай тұрмайды. Зерттеушілер оның әсерін екінші деңгейлі дауылға теңестіріп отыр.
Сонымен қатар кинетикалық әсер планетаға жақындаса нәтиже өзгеріп, күн сәулесі жерге күтілгеннен гөрі тығыз және жылдамырақ жетеді.
Алдын ала болжам бойынша, геомагниттік құбылыстар Астана уақыты бойынша бүгін күндіз басталуы мүмкін.
Ерлан КИІКБАЙ,
ЕҰУ студенті