• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Есірткі 10 Маусым, 2024

Қазпошта арқылы есірткі алдырған адам ұсталды

87 рет
көрсетілді

Алматы облысы Іле ауданындағы «Қазпошта» АҚ бөліміне шетелден косметикалық бұйымдар түрінде жасырылған салмағы 777,4 грамм есірткі өнімі каннабис экстракты (гашиш майы) салынған жөнелтілім анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қаржылық мониторинг агенттігі аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.  

«Жөнелтілімді қабылдаушы есірткі өнімдерінің заңсыз айналымы үшін бұрын сотталған азамат болып шықты. Оның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында есірткі қолдануға арналған құрылғылар, қолданылған ине, зип-пакеттер және т.б. заттар табылды», деп хабарлады ҚМА.  

Аталған азамат сот шешімімен қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасады.