Орта білім туралы аттестаттарды цифрландыру 2027 жылға дейін аяқталады. Білім беру саласын цифрландыру жұмысы белсенді түрде жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл алғаш рет негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестаттар eGovMobile мобильді қосымшасы арқылы цифрлық форматта қолжетімді болды.
2027 жылға дейін кезең-кезеңмен жүргізіледі:
2024 жылы – осы жылдың түлектерінің аттестаттары; 2025 жылы – 2010-2023 жылдардағы түлектердің аттестаттары; 2026 жылы – 1991-2009 жылдардағы түлектердің аттестаттары;Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру дипломдарын цифрландыру жалғастырылып жатыр:
2024 жылы – 2004-2023 жылдары берілген дипломдар; 2025-2026 жылдары – 2004 жылға дейін берілген дипломдар цифрландырылады.Бұл түлектер мен олардың отбасыларына қолайлы жағдай жасау және білім беру құжаттарына қолжетімділікті оңайлатуға бағытталған қадам.