Қостанай облысы Әулиекөл ауылында жоғалып кеткен 16 жастағы Дарья Тиронина деген қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Alau.kz сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті басылымның хабарлауынша, Дарьяның мәйіті табылғанын «Дос» іздестіру-құтқару жасағының еріктілері хабарлады.
Оқиғаның егжей-тегжейі әлі айтылмады.
«Қостанай облысының полициясы осы факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу органдары қыздың өлімінің мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Құқық қорғау органдарының ресми өкілдері бұл ақпаратты растады, бірақ мәселенің мән-жайы тергеу аяқталғанша жарияланбайды», деп жазды дереккөз 28 маусымда.