• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Маусым, 2024

Өмірім, тіпті ауыр болып кетті: бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек жан сырын ақтарды

259 рет
көрсетілді

Біршама уақыттан бері туған анасын іздеп жүрген, Арқалық қаласындағы балалар үйінен бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында жан сырын ақтарды, деп жазады Egemen.kz.

Жәнібек соңғы уақытта өмірінің қиындап кеткенін айтады.

«Құрметті қазақстандық әке-аналар, аға-әпкелер. Өздеріңіз білетіндей, менің өмірім туғалы қиындыққа толы, бірақ, соңғы уақытта тіпті ауыр болып кетті.

Бұл кезең маған бір кішкентай дүниеге, шынымен маңызды нәрсеге қуанып, сол азғантай қуаныштан ләззат алуды үйретті. Мысалы: қуаныш, достық немесе ұмытылмас әдемі сәттер.

Менің ең жақын досым Португалияда тұрады. Мен биыл сәуірде досыма қонаққа барған едім, бұл өте керемет демалыс болды!» - деп жазған ол.