• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Заң 09 Шілде, 2024

Алматы облысында 4,8 млрд теңге субсидия заңсыз төленген

90 рет
көрсетілді

Алматы облысының прокуратурасы ауыл шаруашылығы басқармасын тексеру нәтижесінде бюджеттік субсидияларды заңсыз төлеу және ұрлау фактілерін анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Субсидия төлеу аясында заңсыз үлестірілген қаржы сомасы 4,8 млрд теңгеден асқан.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша шығынды өтеу процесі басталып, бюджетке 110 млн теңге қайтарылды.

«Ауылдардағы әлеуметтік-өндірістік кооперативтер асыл тұқымды жануарларды алу мақсатында селекциялық жұмыстарға арналған 1,2 млрд теңге субсидияны ұрлаған. Іс жүзінде бұл жұмыстар орындалмай, құжаттар ресми түрде ресімделіп, облыста асыл тұқымды мал саны ұлғайтылмаған. Облыс әкімдігінің есептік деректері бойынша, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Қағаз жүзінде асыл тұқымды қой басы 4 жылда 1,9 млн-ға дейін ұлғайтылғаны туралы дерек жалған болып шығып, шын мәнінде небәрі 367 мың бас екені белгілі болды», делінген Алматы облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Мәселен, Алматы облысы Ұйғыр ауданында тіркелген жануарлар жоқ болса да, 2023 жылы селекциялық жұмыстарды жүргізгені үшін 45,2 млн теңге сомасына субсидия алған.

Субсидия алған кезде бұл кооператив өзінің жеке шаруашылығы ретінде Ұйғыр ауданының тұрғындарына тиесілі ауылшаруашылық жануарларын тіркеген.

«Әкімдік мал басының нақты сақталуына мониторинг жүргізбеген, салдарынан мемлекеттік бюджетке залал келтірілген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, заңсыз төленген субсидияларды қайтаруға 3 ұсыныс енгізілді», деп қосты облыстық прокуратура өкілдері.