• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Шілде, 2024

Қырғыз президентінің жиеніне үйленгісі келген жігітке қатысты тергеу басталды

196 рет
көрсетілді

Жақында Қырғызстан Республикасының ТЖМ тікұшағын жалға алып, президенттің жиен қарындасына ұсыныс жасаған жігіт ұсталды. Бұл ақпаратты Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов Facebook парақшасында растады, деп жазады Egemen.kz.

«Ләззат Нұрқожаеваның «болашақ» күйеуі тікұшақты жалға алып, оған тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасағаннан кейін танымал болды. Бұл жас жігіттің басты мақсаты еді. Ол заңсыз әрекеттерін жасыру үшін билік басынан «қорған» табуға тырысты деп айтуға толық негіз бар», деп жазды Асқат Алагөзов.

Ал Қырғызстан президенті Садыр Жапаров заңсыз әрекет жасаған адам кім болса да оны қорғамайтынын баса айтып, болашақ күйеу баласының ысырапшылдығы үшін бұған дейін де кешірім сұраған еді.

Қырғызстанның құқық қорғау органдары «күйеу жігіт» пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттері мұқият тергелетінін мәлімдеді. 

Көрші елдің бұқаралық ақпарат құралдары резонансты ұсыныс жасаған жігіттің есімі Афтанділ Сабырбеков екенін хабарлады. Айта кетейік, тәртіп сақшылары оны есірткі сатумен айналысты деген күдікпен ұстады.